Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«Бәйтерек» холдингі экономиканың өсуіне 1,3% үлес қосады

«Бәйтерек» холдингі экономиканың өсуіне 1,3% үлес қосады

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Қазақстан экономикасының өсуін қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында «Бәйтерек» холдингінің негізгі экономикалық көрсеткіштері мен инвестициялық жобалары талқыланды.

Экономиканың нақты секторын дамыту мақсатында Үкімет «Бәйтерек» холдингін капиталдандыруды 1 трлн теңгеге арттырды. Бұл шешім кәсіпкерлікті қолдауға, тұрғын үй құрылысын дамытуға және ұлттық әрі инвестициялық жобаларды іске асыруға жалпы 8 трлн теңге бөлуге мүмкіндік береді.

Штаб отырысында «Бәйтерек» холдингінің төраға орынбасары Жандос Шайхы бірінші тоқсанда 1,2 трлн теңге игерілгенін мәлімдеді. Бұл жоспарланған 1 трлн теңгеден артық. Сонымен қатар, биыл «Бәйтерек» арқылы іске қосылатын жобалардың жалпы қосылған құны 521,5 млрд теңгені құрайды.

Ұқсас материалдар