Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«Bravo Microfinance» микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

«Bravo Microfinance» микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 05 қаңтардағы №1 бұйрығымен «Bravo Microfinance» микроқаржы ұйымы» ЖШС-нің микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырды. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Сыртқы коммуникациялар Басқармасы хабарлады.  

Микроқаржы ұйымы ҚР заңдарының талаптарын, сондай-ақ уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жүйелі түрде бұзған. 

Енді Bravo Microfinance қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті. 

Айта кетейік, 2024 жылдың қазан айында ҚР ҚНРДА Bravo Microfinance-тің лицензиясын 3 айға уақытша тоқтатқан еді. Ұлттық банктің мәліметінше  қараша айындағы активтері 720 млн теңгені, таза пайдасы -22737 млн теңгені құраған. Саладағы 280 ұйының ішінде 84 орында болған МҚҰ-на Меруерт Хамитова мен Bravo Group арқылы Асылбек Абдилхай иелік етеді. Ұйым 2019 жылдың қыркүйек айында Астанада тіркелген. 


Ұқсас материалдар