
Жапонияда 2024 жылы 59 736 электромобиль сатылыпты және бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 33%-ға аз.
Сатылған электромобильдердің жартысы Nissan – 30 749 дана (-44%), ал қытайлық BYD Toyota-дан көп электр көліктерін сатқан: 2223 бірлік(+54%). Toyota болса небәрі 2038 бірлікке электрокөлік сатқан (-30%).
Айта кетейік, Қазақстанда 2024 жылы электрокөліктер саны 7 383 данадан 12 119-ға дейін жеткен. Оның 7 157 данасы Алматыда, 1 464 данасы Астанада, 621 данасы Алматы облысында тіркелген. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Тақырыпқа орай: Бүгін Алматыда BYD брендінің алғашқы ресми дилерінің техникалық ашылуы өтеді.