
Кездесуде Президент аталған қаржы ұйымының 30 жылдан аса уақыттан бері еліміздің сенімді серіктесіне айналғанына назар аударды.
Президент Сiti банкті стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларға атсалысуы маңызды екенін айтты. Сондай-ақ оның шағын және орта бизнесті одан әрі қолдау жоспары Қазақстан экономикасын әртараптандыруға ықпал ететінін жеткізді.