Қазақстанның Автокөлік Одағы мәліметінше, 2026 жылдың ақпан айында Қазақстанда 13 399 жаңа жеңіл және коммерциялық автокөлік сатылған.
Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,1%-ға төмен. Ал биылғы жылдың алғашқы екі айының қорытындысы бойынша 27 643 автомобиль сатылып, нарық өткен жылмен салыстырғанда 1,5% өсім көрсеткен.
ҚАО президенті Анар Мақашеваның айтуынша, ақпанда сауда көлемі азайғанымен, жыл басындағы жалпы динамика оң болып отыр. Сондай-ақ ай ішінде ең танымал модельдердің барлығы Қазақстанда құрастырылған көліктер екені атап өтілді.
Ақпан айында ең көп сатылған ТОП-10 бренд:
-
Hyundai – 2768 көлік
-
Kia – 2402
-
Chevrolet – 1975
-
Chery – 1043
-
Jetour – 808
-
Changan – 748
-
Haval – 535
-
Geely – 403
-
JAC – 357
-
Toyota – 288.
ТОП-10 қатарына кірмесе де, BYD жақсы нәтиже көрсетіп, 268 гибрид және электромобиль сатқан. Бұл бір жыл бұрынғыдан 793,3%-ға көп.
Ал ақпанда ең көп сатылған модельдер қатарында:
-
Chevrolet Cobalt – 1761 дана,
-
Hyundai Tucson – 1744 дана,
-
Kia Sportage – 1278 дана болды.





