Қазақстан жанармай нарығы еркін баға қалыптастыруға көшкен соң бензин құны көрші Қырғызстан мен Өзбекстан деңгейіне жақындауы ықтимал.
Бұл туралы экономист Алмас Чукин мәлімдеді. Оның айтуынша, нарықтық тетікке толық көшу АИ-92 бағасының өсуіне әкеледі. Қазір Қырғызстанда бензиннің бір литрі шамамен 385 теңге болса, Өзбекстанда – 489 теңге.
Экономист Ресейдегі жанармайдың салыстырмалы түрде арзан болуы жасырын субсидиялармен байланысты екенін атап өтті.
– Ресейдегі бағаға мұнай өңдеу зауыттарына берілетін жасырын қолдауды қосу керек. Толық нарықтық есеппен Қазақстандағы бензин құны Ресейден де жоғары болуы мүмкін. Сондықтан Қырғызстан мен Өзбекстандағы көрсеткіштерді шынайы бенчмарк деуге болады, – деді Алмас Чукин.
Қазіргі уақытта Қазақстанда АИ-92 бағасын көтеруге наурыз айының соңына дейін мораторий жарияланған. Бұл шешім инфляцияны тежеу мақсатында қабылданған.





