Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Электронды саудаға жаңа тәртіп: барлық тауарлар декларацияланады

Электронды саудаға жаңа тәртіп: барлық тауарлар декларацияланады

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң мақұлданды.

Бұл өзгерістер шетелдік интернет-дүкендерден келетін тауарларды толық кедендік декларациялауды көздейді.

Хаттамаға 2023 жылғы 25 желтоқсанда Санкт-Петербургте ЕАЭО елдерінің мемлекет басшылары қол қойған. Құжатта электрондық сауданы құқықтық тұрғыдан реттеу мәселелері қамтылған. Мәліметке сәйкес, 2024 жылы Қазақстандағы электронды сауда көлемі 3,2 триллион теңгеге жеткен.

Негізгі өзгерістер:

Сенатор Бекбол Орынбасаровтың айтуынша, енді:

  • Электрондық сауда тауарлары жеке санатқа шығарылып, міндетті түрде декларацияланады;

  • «Электронды сауда операторы» ұғымы енгізіледі (мысалы, Қазпошта, DHL);

  • Электрондық сауда декларациясы атты кедендік декларацияның жаңа түрі енгізіледі;

  • Декларацияны оператор да, тауар алушы да тапсыра алады.

Бұған дейін 200 еуро немесе 31 кг-нан аспайтын тауарлар декларацияланбайтын. Бұл жағдай ресми статистика мен кедендік төлемдердің толық есепке алынуына кедергі келтірген.

Жаңа жүйенің артықшылықтары:
  • Электронды саудадағы ресми статистика нақты және толық болады;

  • Кедендік рәсімдер біріздендіріледі;

  • Барлық нарық ойыншыларына тең жағдай жасалады;

  • Кедендік төлемдерді әкімшілендіру тиімділігі артады.

Айта кетейік, 2021 жылдан бастап ЕАЭО елдерінде электронды сауда тауарларын ресімдеу бойынша пилоттық жоба іске қосылған. Қазақстанда бұл жүйеге «Қазпошта» және DHL International Kazakhstan қатысып келеді.

Ұқсас материалдар