Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Елімізде 8 мың шақырым сумен жабдықтау және су бұру желілерін жаңғырту жоспарлануда

Елімізде 8 мың шақырым сумен жабдықтау және су бұру желілерін жаңғырту жоспарлануда

Еліміздегі жылу, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің жалпы ұзындығы шамамен 137 мың шақырымды құрайды.

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР индустрия және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлім етті.

Ол ел бойынша жылу, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің жалпы ұзындығы шамамен 137 мың шақырымды құрайтынын атап өтті.

Ең көп тозған инженерлік желілер Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Абай және Ұлытау өңірлерінде орналасқан.

Биыл республикалық бюджеттен сумен жабдықтау нысандарын салуға және реконструкциялауға 176 млрд теңге қарастырылған.

«Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес 2030 жылға қарай инженерлік желілердің тозуын 40%-ға дейін төмендету қажет. Осы тапсырманы орындау үшін “Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту” Ұлттық жобасы қабылданды. Ұлттық жоба аясында бір 1 трлн теңге болатын шамамен 8 мың шақырым су және су бұру желілерін жаңғырту жоспарлануда», – деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.

Ұқсас материалдар