Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Eurasian Resources Group басшылығында өзгеріс болды

Eurasian Resources Group басшылығында өзгеріс болды
Шухрат Ибрагимов  Eurasian Resources Group (ERG) компаниясының бас атқарушы директоры болып тағайындалды, деп хабарлады баспасөз қызметі.

Бұл лауазымды бұрын Бенедикт Соботка атқарған, оның басшылығымен компания Конго Демократиялық Республикасында Metalkol RTR  жобасын іске қосты және Бразилияда біріктірілген тау-кен, теміржол және порт инфрақұрылымын құру жөніндегі Педра де Ферро - FIOL - Порто-Сул жобасын әзірледі.
«Осы лауазымда он жылдан артық еңбек еткен Бенедикт Соботка мырза бизнесті басқаруды табыстау бойынша қажетті көмек көрсетіп, ERG командасымен байланыста болады. Бұған дейін Бас атқарушы директордың бірінші орынбасары болған Шухрат Ибрагимов компаниядағы сабақтастықты қамтамасыз етеді», делінген ERG пресс-релизінде.

Өзгерістерден кейін жаңартылған директорлар кеңесінің құрамына Шухрат Ибрагимов, Сабир Шодиев (ERG негізін қалаушы Патох Шодиевтің ұлы – ред.), Эдуард Сурлевич кіреді. Қазақстан үкіметінің өкілдері – Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мен Қаржы министрі Мәди Тәкиев директорлар кеңесінің мүшелері ретінде жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды компанияның сайтында.

Компанияның  тең құрылтайшысы, марқұм Алижан Ибрагимовтың ұлы Шухрат Ибрагимов бұған дейін Қазақстандағы ERG басқарушы компаниясының бақылау кеңесінің төрағасы болған. Ол ERG S.à r.l. директорлар кеңесінің мүшесі және директорлар кеңесінің төрағасы.

2014 жылы Eurasian National Resources Corporation (ENRC) активтері негізінде құрылған ERG Люксембургте тіркелген. Компания Қазақстандағы ферроқорытпа, темір рудасы, алюминий, көмір және өндіруші кәсіпорындарды біріктіреді, сонымен қатар Африкадағы мыс және кобальт активтерін бақылайды және Бразилияда темір рудасын өндіру жобасын жүзеге асыруда.

ERG-нің Қазақстандағы өндірістік активтеріне ТНК Қазхром, Қазақстан алюминийі, ССГПО, Қазақстан электролиз зауыты, Еуро-Азия энергетикалық корпорациясы, Шұбаркөл Көмір және TransCom көлік тобы кіреді.

ERG акционерлері – ҚР Қаржы министрлігі (40%), Александр Машкевич және Ибрагимовтар отбасы (әрқайсысы 20,7%), Патох Шодиев (18,6%).

Ұқсас материалдар