Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Fix Price қазақстандық тауар үлесін 15%-ға дейін ұлғайтты

Fix Price қазақстандық тауар үлесін 15%-ға дейін ұлғайтты
Ресейлік Fix Price-тің бір жылдың ішінде қазақстандық өндірушілерден алған тауар көлемі 10%-ға артып, компаниялар саны 70-тен асқан. Бұл туралы компаниядан хабарлады. 

Компания қазақстандық өндірушілерден негізінен балалар тағамы, бакалея, сүт-май өнімдері, жұмыртқа гастрономиясы, алкогольді сусындар, көкөніс консервілерін алған. 

Айта кетейік, Fix Price 2024 жылы Қазақстанда 57 жаңа дүкен ашып, 20%-ға көбейтті. 
2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша желі республиканың 19 облысы мен 57 қаласы мен елді мекенін қамтыды, жалпы сауда алаңы 72 мың шаршы метрден асты. Осылайша Қазақстандағы дүкен саны 337-ге жетті, оның ішінде 320-сы компанияның басқаруында және 17 франчайзингтік бөлімше.

 Fix Price Kazakhstan директоры Алексей Ермаковтың айтуынша 2025 жылы компания  Қазақстанда желіні дамытуды жалғастырып, оны кем дегенде 60 дүкенге көбейтуді жоспарлап отыр. 

Қазіргі кезде 10 елде 7 165 Fix Price дүкендері бар.

2024 жылдың шілдесінде Fix Price тіркеуін Кипрден Астана халықаралық қаржы орталығына өзгертті. Бұдан бөлек меншік иесіне қатысты құрылымдық өзгерістер жасады. Сонымен қатар Қазақстандағы дүкендер санын көбейтті. Сарапшылар бұл әрекеттерге қарап компания Қазақстанға түбегейлі көшуге дайындық жасап жатыр деп есептейді.

Ұқсас материалдар