Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Газ бағасы кезең-кезеңінен көтеріледі - Алмасадам Сәтқалиев

Газ бағасы кезең-кезеңінен көтеріледі - Алмасадам Сәтқалиев
Газ саласына инвестициялар тарту және тауарлық газдың өзіндік құнына қол жеткізу мақсатында халық үшін бағаның күрт өсуіне жол бермеуді ескере отырып, газ бағасының кезең-кезеңімен көтеру талап етіледі. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында айтты. 

«Жалпы, 3 жылдың ішінде ішкі нарықта газды сатудың шығынсыз болуына қол жеткізу жоспарланып отыр. Бұл елдің газға қажеттілігін жабуға және еліміз үшін маңызды инвестициялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді», - деді Энергетика министрі. 

Энергетика министрінің айтуынша, Қазақстанда тауарлық газдың 1 мың текше метрі 33 169 теңге тұрады, ал бекітілген көтерме бағасы 23 646 теңге. 

Ұқсас материалдар