Ауыр атлет, әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин «Императорлық тігінші» ательесімен бірлесіп, ерлерге арналған sport-casual капсуласын таныстырды. Бұл туралы спортшының instagram парақшасында хабарлады.
«Коллекция luxury эстетикасы мен белсенді өмір салты философиясын біріктіреді: табиғи маталар (жібек, жүн, кашемир), ойластырылған пішім, қозғалыс еркіндігі мен жайлылық. Бұл Илья Ильин үшін негізгі қағидалар» делінген хабарламада.
Хабарламада жоба спортшының сәнмен көпжылдық байланысының заңды жалғасы екені айтылған.«2026 жылғы «Императорлық тігіншімен» коллаборация — ерлерге арналған, ұстамды стильді, функционалдылықты және дене мен қозғалысқа деген құрметті бағалайтын аудиторияға бағытталған кемел luxury-жоба», деп жазады спортшының ресми парақшасында.





