Қазақстанда ипотека және автонесие нарығында айтарлықтай төмендеу байқалады.
Қараша айының қорытындысы бойынша жеке тұлғаларға берілген кредит көлемі 1,4 трлн теңгені құрады. Бұл қазан айымен салыстырғанда 1,7% төмен көрсеткіш және наурыздан бергі ең минималды деңгей. Мұндай мәліметті Data Hub Бірінші кредиттік бюро ұсынды.
Керісінше, кепілсіз тұтынушылық несиелер бойынша өсім бар: бір айда бұл бағыттағы көлем 5,4% артқан.
Ипотека және автонесие динамикасы:-
Автонесие беру көлемі: 14%-ға төмендеп, 181 млрд теңгеге дейін қысқарды;
-
Ипотека нарығы: 8,3%-ға азайып, 228 млрд теңгені құрады.
Сарапшылардың айтуынша, ипотека бүгінде халықтың шектеулі бөлігіне ғана қолжетімді.
«Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» президенті Зауреш Батталованың сөзіне қарағанда, елімізде ипотеканы тек халықтың 30–40% шамасында ғана рәсімдей алады.





