2025 жылдың 31 желтоқсанынан бастап Қазақстанда ірі қара мал етін үшінші елдерге және ЕАЭО мемлекеттеріне экспорттауға квоталар енгізіледі.
Қағида 2026 жылдың 30 маусымына дейін қолданыста болады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
Экспортқа рұқсат етілетін жалпы квота көлемі – 20 000 тонна.
Бір кәсіпорынға берілетін квота көлемі бордақылау алаңының қуатына қарай белгіленеді:-
5 000 бастан бастап – 1 000 тонна
-
10 000 бастан бастап – 2 000 тонна
-
15 000 бастан бастап – 3 000 тонна
-
20 000 бастан бастап – 4 000 тонна
-
50 000 бастан бастап – 10 000 тонна
Квота тек мал басын пайдаланып ет өндіретін ет өңдеу кәсіпорындарына беріледі.





