
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қанат Шарлапаев 2023 жылғы қыркүйектен бастап Индустрия және құрылыс министрі қызметін атқарған. Ал 2025 жылғы ақпанда аталған қызметтен босатылып, Президенттің көмекшісі болып тағайындалған еді.
Қазіргі таңда оның орнына кім тағайындалатыны жөнінде ресми ақпарат жарияланған жоқ.