Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да қалқанша безін емдеудің бірегей инновациялық әдісі енгізіледі
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да түйіндік түзілімдерін емдеудің бірегей инновациялық әдісі - радиожиілікті абляция енгізілуде, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
1 наурыз күні КІАҒЗИ-де 2 пациентке, Түркістан облысының тұрғыны, 47 жастағы әйелге және Жамбыл облысынан келген 43 жастағы ер адамға аз инвазивті операция жасалмақ. Отаны жүргізуге Астана қаласынан интервенциялық онкорадиолог Нияз Малаев көмектеседі. Екі науқастың да диагнозы: уытты емес бір түйінді зоб.
«Радиожиілікті абляция - қалқанша безінің түйіндерін хирургиялық жолмен алып тастаудың жақсы баламасы. Осы уақытқа дейін Қазақстанда қалқанша безінің қатерсіз түйіндік ісіктерін хирургиялық алып тастауды қамтитын стандартты терапия қолданылған», дейді ҒЗИ баспасөз қызметі.
Қалқанша безін аблациялау процедурасын пациенттер жақсы өткереді және шамамен 30 минуттай уақытты алады. Процедурадан кейін аздап ауырсынудың пайда болуы қосымша анестезияны қажет етпейді. Радиожиілікті абляция қауіпсіз. Бұл әдістің артықшылығы - жақсы терапиялық әсер және асқынулардың болмауы.
Келешекте КІАҒЗИ қалқанша безінің қатерсіз ісіктерінің РЖА көрсеткіштері мен қарсы көрсетілімдерін ескере отырып, мамандар даярлау жоспарланып отыр.
ҒЗИ хабарлауынша БАҚ өкілдері аккредиттеуден өтіп, 1 наурыз күні инновациялық әдістің енгізуі туралы толық ақпарат ала-алады.