Ұлттық құрылтайдың IV отырысында сарапшылар мен қоғам қайраткерлері ішкі саясат саласында жүргізіліп жатқан барлық жұмысты реттейтін бірыңғай тұжырымдамалық құжат әзірлеуді ұсынған еді. Президент қолдап, іске асқан жаңа тұжырымдамалық құжат төрт тараудан тұрады. Мұнда ішкі саясаттың негізгі қағидаттары: «Заң мен тәртіп», «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Әртүрлі көзқарас – біртұтас ұлт», «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет», «Адал азамат» және «Таза Қазақстан» нақтыланған. Бұл ұстанымдар елдің тұрақтылығын сақтауға, әділ әрі ашық қоғам құруға бағытталған.
Құжатты Президент әкімшілігі мен мүдделі мемлекеттік органдар мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларын, сөйлеген сөздерін, Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын негізге ала отырып дайындаған. Әзірлеуге Ұлттық құрылтайдың мүшелері, сарапшылар, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдері де белсене қатысқан.
«Ішкі саясат – елді тұрақты дамыту үшін мемлекеттік институттарды жұмылдыруға және нығайтуға арналған мемлекеттік саясаттың аса маңызды саласы. Қазақстанның жан-жақты жаңғыруына байланысты ішкі саясаттың негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен бағыттарын бір жүйеге келтіретін жеке тұжырымдамалық құжат қабылдау қажеттігі туындады», деп жазылған құжаттың кіріспесінде.
Аталған құжат бірінші кезекте мемлекеттік органдарға арналған. Оның басты мақсаты – ішкі саясат саласындағы жұмысты жүйелеу әрі үйлестіру.

Құжатта жалпыұлттық нышандардың тізімі де айқындалған: ұлттық ұран – "Алға, Қазақстан!", ұлттық түстер – аспан түстес көк, алтын сары түс, ұлттық кітап нышаны – Абайдың "Қара сөздері", ұлттық бірлік нышаны – шаңырақ, ұлттық музыкалық аспап нышаны – домбыра, ұлттық өсімдік нышаны – қызғалдақ, отандық өнім шығарудың ұлттық белгісі – "Қазақстанда жасалған", "Made in Qazaqstan", ұлттық хэштег – #Qazaqstan, #Kazakhstan.