Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақ өнімдері Қытай дүкендеріне жол тартты

Қазақ өнімдері Қытай дүкендеріне жол тартты

Қазақстандық өндірушілер China International Import Expo (CIIE) халықаралық көрмесіне қатысып, өз өнімдерін Қытай нарығына таныстырды.

Биыл Қазақстан көрмеде бірден төрт ұлттық павильонда, атап айтқанда China Co-Op, Jiangsu SOHO және Алматы қаласының жеке стендіндн өз өнімдерін ұсынды.

QazTrade пен NACOFEC Қытайдың ең ірі кооперативтік желісі China Coop-пен серіктестік орнатып, бал, қымыз, шұбат және кондитерлік өнімдердің алғашқы партиясын 341 000 дүкенге шығаруға дайындалып жатыр. Бұл желінің жылдық айналымы — 7 трлн юаньнан асады.

Қазақстандық стендте 30-дан астам компания өз өнімдерін таныстырды. Олардың қатарында QazExport Global, Dinastiya Agro, Kokshetau Mineral Water, NefisGroup Ltd. және басқа да кооперативтер бар.

QazTrade бас директоры Айтмұхаммед Алдажаровтың айтуынша, кооперация арқылы Қытай нарығына шығу – ұзақ мерзімді, тұрақты экспортқа жол ашады. Алдағы уақытта ұн, өсімдік майы, ет, бал, сүт және кондитерлік өнімдерге басымдық беріледі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында ауылдық кооперацияны дамытуды тапсырған болатын. Пилоттық жобалар нәтижесінде өнімділік екі есеге, мал басы 25%-ға артқан. Бұл тәжірибе ел аумағында кезең-кезеңімен кеңейтілмек.

Ұқсас материалдар