Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан Даниядан 15 жылда 10,7 мың бас асыл тұқымды ірі қара мал сатып алды

Қазақстан Даниядан 15 жылда 10,7 мың бас асыл тұқымды ірі қара мал сатып алды

Қазақстан соңғы 15 жыл ішінде Даниядан 10 780 бас асыл тұқымды ірі қара мал импорттаған.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалиннің Данияға жасаған жұмыс сапары барысында белгілі болды.

Вице-министр Қазақстан-Дания дөңгелек үстеліне қатысып, екі ел арасындағы агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар басым бағыттар айқындалды.

Сапар аясында «Даттық голштин» асыл тұқымды қауымдастығы мен «QazaqSut» республикалық палатасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат жоғары өнімді асыл тұқымды мал жеткізуді тұрақты жолға қоюға және сүтті мал шаруашылығына заманауи технологияларды енгізуге бағытталған.

Мамандардың айтуынша, 2011-2025 жылдар аралығында Даниядан әкелінген асыл тұқымды мал еліміздегі сүт өндірісін дамытуға оң әсер еткен.

Жеткізулер алдағы уақытта да жаңа инвестициялық жобалар аясында жалғасын табады.

Аманғали Бердалиннің айтуынша, қол жеткізілген келісімдер екі ел арасындағы аграрлық саладағы әріптестікті одан әрі тереңдетуге мүмкіндік береді.

Ұқсас материалдар