Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан әлемнің ең бақуатты елдері рейтингінде 58-орын алды

Қазақстан әлемнің ең бақуатты елдері рейтингінде 58-орын алды

Қазақстан 2026 жылғы жаһандық әл-ауқат рейтингінде 58-орынға тұрақтады.

Бұл туралы CEOWORLD Magazine жариялаған Global Human Prosperity Index зерттеуінде айтылған.

Зерттеу 193 елді қамтып, халықтың өмір сапасын жан-жақты бағалайды. Индекс өмір сүру ұзақтығы, білім деңгейі, табыс, саяси тұрақтылық және азаматтарға берілетін мүмкіндіктер секілді негізгі көрсеткіштерге негізделген.

Рейтинг қорытындысы бойынша, Швейцария әлемдегі ең бақуатты ел деп танылды. Ал алғашқы үштікке Исландия мен Австралия енді.

Қазақстан 79,53 балл жинап, «өте жоғары әл-ауқат» санатына кірген. Дегенмен бұл көрсеткіш елдің позициясы төмендегенін көрсетеді: 2024 жылы Қазақстан 49-орында болған.

Сарапшылардың бағалауынша, Қазақстан Орталық Азия өңірінде көшбасшы орнын сақтап отыр. Алайда жаһандық рейтингтегі төмендеу әл-ауқат өсімі мен оның халық өміріне әсері арасындағы теңгерімнің толық қалыптаспағанын аңғартады.

Аймақтағы басқа елдер арасында Ресей 60-орында, Қытай 72-орында, Өзбекстан 104-орында, ал Қырғызстан 110-орында тұр.

Сарапшылардың пікірінше, қазіргі таңда елдердің дамуы тек экономикалық өсіммен емес, оның сапасы мен азаматтардың өмір сүру деңгейімен өлшенеді.

Ұқсас материалдар