Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-саттық көлемі 2,3 миллиард доллардан асты

Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-саттық көлемі 2,3 миллиард доллардан асты
Соңғы жеті айда Қазақстан мен Германия арасындағы өзара сауда-саттық көлемі 2,3 миллиард доллардан асты. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольцпен кездесуінде айтты. 

Былтыр екіжақты тауар айналымы 1,5 еседей өсіп, 4 миллиард долларға жуықтады. Биыл да оң динамика байқалып отыр. Соңғы жеті айда өзара сауда-саттық көлемі 2,3 миллиард доллардан асты. 2005 жылдан бері Германиядан шамамен 6,7 миллиард доллар көлемінде тікелей инвестиция тартылды. Бұл қаржының 90 пайызы шикізаттық емес секторға тиесілі екені қуантады. Бүгінде Қазақстанда неміс капиталының үлесі бар мыңнан астам компания жұмыс істейді,– деді Президент.

Олаф Шольц өз кезегінде екіжақты экономикалық қатынасты арттыру үшін бар жағдайды жасайтынын атап өтті. 

Сіздің еліңізге тікелей инвестиция салу және сауда айналымының көлемін арттыру үшін экономикалық байланыстарымызды жақсартуға барлық жағдайды жасаймыз. Әрине, экономикалық ынтымақтастықты барлық салада дамытқымыз келеді. Энергетика саласындағы серіктестігіміз дәйекті түрде алға жылжып келе жатқанына дән ризамыз. Екі ел арасында сенімді әрі жүйелі ынтымақтастық орнаған,– деді Олаф Шольц. 


Айта кетейік, қос президент бүгін немістің іскерлік орта өкілдерімен кездесті. 
Кездесуге Siemens Energy AG компаниясының басқарма төрағасы, Германия экономикасы Шығыс комитеті төрағасының орынбасары Кристиан Брух, CLAAS Group компаниясының басқарма төрағасы Ян-Хендрик Мор, DB E.C.O. Group компаниясының атқарушы кеңесінің төрағасы, Германия экономикасы Шығыс комитетінің Орталық Азия жөніндегі жұмыс тобының өкілі Нико Варбанофф, SVEVIND Energy GmbH компаниясының президенті, Қазақстанның Саксониядағы құрметті консулы Вольфганг Кропп, Aurubis AG компаниясының басқарма төрағасы Торальф Хааг, Siemens Healthineers AG компаниясының басқарма төрағасы Берндт Монтаг, GP Günter Papenburg AG компаниясының басқарма төрағасы Гюнтер Папенбург, HMS Bergbau AG компаниясының басқарма төрағасы Дэннис Швиндт, KfW Bankengruppe компаниясының Халықаралық қаржыландыру жөніндегі басқарма мүшесі Кристиане Лайбах, KNAUF Gruppe компаниясын басқарушы серіктестердің өкілі Александр Кнауф, Herrenknecht AG компаниясының басқарма мүшесі Мартин-Дэвид Херренкнехт, Ernst Klett AG компаниясының бас атқарушы директоры Филипп Хаусманн, Rhenus SE & Co. KG компаниясының бас директоры Тобиас Бартц қатысты. 

Фото: Ақорда

Ұқсас материалдар