Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан мұнайын Ресей арқылы өткізуге мәжбүр болды

Қазақстан мұнайын Ресей арқылы өткізуге мәжбүр болды

Қазақстан уақытша Баку–Тбилиси–Жейхан (БТЖ) мұнай құбырының орнына Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы шикізат тасымалдап жатыр.

S&P Global дерегінше, бұл шешімге Azeri Light маркалы Әзербайжан мұнайындағы сапа мәселесі себеп болған. 24 шілдеде British Petroleum алғашқы болып шикізат сапасының төмендегенін анықтап, соның салдарынан БТЖ арқылы Қазақстан мен Түркіменстан мұнайын айдау тоқтатылған. Шілде соңына қарай Транскаспий бағыты мүлде жұмысын доғарып, Қазақстан мұнайды КҚК арқылы жөнелтуге көшкен. Бұл қадам уақытша екені хабарланды.

Қазақстан үкіметі әзірге бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Ресей Украинадағы соғысты бастағалы бері Қазақстан билігі мұнай экспорты үшін балама бағыттарды, соның ішінде БТЖ құбырын жиі сөз етіп келеді. Соңғы жылдары бұл бағыттағы тасымал көлемі өссе де, ол әлі де КҚК арқылы өтетін көлеммен салыстырғанда әлдеқайда төмен.

2024 жылы БТЖ құбыры Қазақстаннан 1,5 млн тонна мұнай қабылдады. Үкімет жылдық көлемді 20 млн тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлағанымен, нақты мерзімін әлі атамаған.

Ұқсас материалдар