Қазақстан Үндістан мен Біріккен Араб Әмірліктеріне ешкі еті мен басқа да халал ет өнімдерін экспорттауы мүмкін.
Бұл мәселе Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың Lulu Kazakhstan және IGateway Ltd компаниялары басшыларымен кездесуінде талқыланды.
Министрліктің мәліметінше, шетелдік тарап халықаралық ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай өнімдерді импорттауға қызығушылық танытқан. Үндістан нарығындағы тұтыну көлемінің өсуі қазақстандық мал шаруашылығы өнімдері үшін жаңа мүмкіндіктер ашып отыр.
Айдарбек Сапаров ветеринариялық талаптар толық сақталып, жеткізілім тұрақты болған жағдайда Қазақстан ет экспортын ұлғайтуға дайын екенін атап өтті.
LuLu Group International компаниясы БАӘ мен Үндістанда бөлшек сауда, импорт-экспорт және ет өңдеу саласында жұмыс істейді.
Ұқсас материалдар
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 сентября, 2026
Көп оқылғандар
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 сентября, 2026





