Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан атом саласында словакиялық компаниямен ынтымақтастық орнатпақ

Қазақстан атом саласында  словакиялық компаниямен ынтымақтастық орнатпақ

«ҚазАтомӨнеркәсіп» Ұлттық компаниясының мәліметінше, меморандум Словакияның атом электр станцияларына табиғи уран концентраты мен уран диоксиді (UO₂) түріндегі ядролық отынды жеткізу мүмкіндіктерін қарастыруды көздейді.

«Бұл келісім – біздің еуропалық серіктестермен арадағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған маңызды қадам. Словакия үшін атом энергетикасы – тұрақты әрі сенімді энергия көзі. Сондықтан біз бұл әріптестіктің ұзақмерзімді әрі өзара пайдалы боларына сенеміз», – дейді ұлттық компанияның басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов.

Slovenské elektrárne компаниясы – Словакиядағы бүкіл атом электр стансаларының бірыңғай операторы. «ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық компаниясы бұған дейін швейцариялық Axpo Power AG, франциялық Orano және Framatome сияқты бірнеше еуропалық компаниямен осыған ұқсас құжаттар бекіткен болатын.  

Ұқсас материалдар