Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда алтын қорының көлемі 98 тоннаға артты – Өнеркәсіп министрлігі

Қазақстанда алтын қорының көлемі 98 тоннаға артты – Өнеркәсіп министрлігі

Қазақстанда алтын қорының көлемі 98 тоннаға артты.

Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан мәлімдеді.

Вице-министрдің айтуынша, бүгінде ел бойынша 103-тен астам түрлі пайдалы қазба түрі және 10 мыңға жуық кен орны мемлекеттік есепке алынған. Сонымен қатар, қазіргі уақытта 2,9 мыңнан астам лицензия және 250-ге жуық қатты пайдалы қазбалар бойынша келісімшарт қолданыста.

«Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде алғаш рет бес кен орны мемлекеттік есепке алынды. Олар – Көк-Жон, Алтын-Шоко, Самомбет, Студенческий және Тақыр-Қалжыр кен орындары. Қор көлемі 98 тонна алтынға, 36 мың тонна мысқа, 11 миллион тонна марганецке және 1,3 миллион тонна фосфоритке артты», – деді Иран Шархан.

Вице-министр атап өткендей, геологиялық барлау жұмыстарын кеңейту еліміздің минералдық-шикізат базасын нығайтып, өнеркәсіптік өндірістің тұрақты дамуына серпін береді.

Ұқсас материалдар