Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Елімізде құрылыс саласы қарқынды өсіп келеді

Елімізде құрылыс саласы қарқынды өсіп келеді

2025 жылғы қаңтар-шілде аралығында еліміздегі құрылыс жұмыстарының көлемі 18,5%-ға өсіп, 4,07 трлн теңгеге жетті.

Өсім негізінен ғимараттар мен тұрғын үйлер құрылысы және жөндеу жұмыстары есебінен болды. Ең көп үлесті тұрғын емес нысандар (21,9%), жолдар мен метро (23,9%) және тұрғын үйлер (13,4%) құрады.

Құрылыс көлемі барлық өңірде артқан. Айтарлықтай өсім Қостанай (40,4%), Қызылорда (37%), Түркістан (34,6%) және Алматы қаласында (35,6%) тіркелді.

Жеті айда 12,8 млн шаршы метр жаңа нысан пайдалануға берілді. Оның ішінде тұрғын үй көлемі 9,38 млн шаршы метрді құрап, былтырғыдан 5,2%-ға көп болды. Тұрғын үйлердің негізгі бөлігін – 93,3%-ын жеке құрылыс салушылар іске асырды.

Ұқсас материалдар