Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанға ең көп инвестиция салатын елдердің тізімі жарияланды

Қазақстанға ең көп инвестиция салатын елдердің тізімі жарияланды

Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 17,2 миллиард долларға жетті. Бұл деректі Сыртқы істер министрлігі мәлім етті.

Ведомствоның мәліметінше, инвесторлар ең көп қаржы құйған салалар қатарында дәстүрлі бағыттармен бірге өңдеу өнеркәсібі мен IT саласы да алдыңғы орынға шығып келеді.

Нақты салалар бойынша инвестиция көлемі былай бөлінді:

Тау-кен өндіру өнеркәсібі – 6,5 млрд доллар;
Көтерме және бөлшек сауда – 5,3 млрд доллар;
Өңдеу өнеркәсібі – 2,8 млрд доллар;
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтер – 916,5 млн доллар;
Ақпарат және байланыс – 571,9 млн доллар;
Қаржы және сақтандыру қызметі – 485,9 млн доллар;
Электрмен жабдықтау және газбен қамту – 370,8 млн доллар;
Құрылыс – 289,6 млн доллар;
Көлік және қоймалау – 170,1 млн доллар;
Әкімшілік қызметтер мен басқа да салалар – 98,8 млн доллар.

Сыртқы істер министрлігі инвестициялық ағым тек дәстүрлі бағыттарда шектелмей, жоғары технологиялар мен өңдеу өнеркәсібіне деген қызығушылықтың да күшейіп келе жатқанын айтады.

Қазақстанға ең көп инвестиция салған елдер:

Ресей – 4,1 млрд доллар,
Нидерланд – 3,8 млрд доллар,
Оңтүстік Корея, Бельгия, Қытай – әрқайсысы 1,2 млрд доллардан,
Франция, Кипр, Ұлыбритания, Сингапур және Түркия – әрқайсысы 597 млн мен 843 млн доллар аралығында қаржы салған.

Ұқсас материалдар