Экономика
ҚазМұнайГаз акцияларының бағасы IPO өткізілген сәттен бастап 2,5 еседен астам өсті

2025 жылғы 24 қыркүйекте KASE биржасындағы сауда күнінің қорытындысы бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акциясының бағасы 21 834,44 теңгеге жетті.
IPO өткізілген сәттен бастап бағалы қағаздардың құны 2,5 еседен астам өсті. Ал төленген дивиденд мөлшерін есепке алғанда, инвесторлардың жиынтық кірісі 177% құрады.
2025 жылғы 24 қыркүйектегі жағдай бойынша компанияның нарықтық капиталы – 13,3 трлн теңге немесе 24,4 млрд АҚШ долл. Жалпы, ҚМГ-ның нарықтық капиталы жыл басынан бері 49% өсті.