Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерінің диалог-платформасында сөз сөйлеп, әкімдердің ең алдымен халықпен тікелей байланыста жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші екенін еске салды.
«Ауылдың жағдайы – еліміз үшін стратегиялық маңызды мәселе. Халқымыздың тамыры – ауылда. Сондықтан ауыл әкімдері халық өмірін жақсы түсінетін, іскер маман болуы тиіс», – деді Мемлекет басшысы.
«Бүгінгі жиынның мән-маңызы айрықша. Еліміздегі барлық деңгейдегі атқарушы билік өкілдері осы жерге арнайы шақырылды. Ауыл әкімдерінің басым көпшілігі, яғни 80 пайызы осында. Жалпы, осындай ауқымды құраммен алғаш рет бас қосып отырмыз. Шын мәнінде, тақырып – өте өзекті. Ауылдың жағдайы – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар мәселе. Себебі халқымыздың тамыры – ауылда. Ауылдарымыз мықты болса, еліміз де берекелі болмақ», – деді Мемлекет басшысы.
Тоқаев бірнеше әкімнің сөзін тыңдағанын айтып, олардың ой-пікірлері мен ұсыныстарын жұмыс барысында міндетті түрде ескеретінін жеткізді.





