Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Үкіметте микро және шағын бизнестің салық реформасы талқыланды

Үкіметте микро және шағын бизнестің салық реформасы талқыланды

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Салық кодексін енгізу жобасы кеңсесінің екінші отырысы өтті.

Негізгі талқылау шағын және микро бизнеске арналған «таза парақтан» салықтық реттеу шараларына арналды.

2026 жылдың 1 қаңтарына дейін микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері салықтық және камералдық тексерулерден, сондай-ақ әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Бұған дейінгі өсімпұлдар мен айыппұлдар есептен шығарылады, ҚҚС бойынша тіркеуге уақытында тұрмағаны үшін әкімшілік істер қозғалмайды.

Отырыс барысында кәсіпкерлердің цифрлық қызметтер мен жаңа салық режимдеріне бейімделуін қамтамасыз ету, электронды шот-фактуралар мен ақпараттық жүйелерді пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізу қажеттігі атап өтілді.

Сонымен қатар медицина саласындағы ҚҚС жеңілдіктерінің өзгерістері талқыланды: коммерциялық мақсаттағы дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарға 2026 жылдан бастап 5-10% ставка бойынша салық салынады, ал фармацевтикалық өнімдер мен жабдықтарға 16% базалық мөлшерлеме қолданылады.

Мемлекеттік кірістер комитеті мен «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлерді жаңа талаптарға бейімдеуге бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастырады.

Ұқсас материалдар