Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Құлыбаевқа тиесілі компания акцияларының бір бөлігі саудаға шығарылды

Құлыбаевқа тиесілі компания акцияларының бір бөлігі саудаға шығарылды

 Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті «Kundybai Mining» АҚ компаниясының 20% акциясын аукционға шығарды.

Саудаға қойылған 43 мың акцияның бастапқы бағасы 51,318 млн теңге, ал кепілдік жарна 7,697 млн теңгені құрайды. Аукцион 2025 жылғы 24 желтоқсанда сағат 10:00-де онлайн өтеді.

2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша компания табыс таппаған, ал 2024 жылы оның табысы 12,425 млн теңге болған. Биыл компания 13,944 млн теңге шығынға ұшыраған. Міндеттемелер көлемі 65,667 млн теңгеден 78,332 млн теңгеге дейін өскен.

Kundybai Mining геологиялық барлау жұмыстарымен айналысады және 2011 жылы тіркелген. Компанияның 80% акциясы Kazakhstan’s Mineral Resource Investment Company-ге тиесілі. Бұл компания Joint Resources холдингіне қарайды, оның жалғыз иесі – кәсіпкер Тимур Құлыбаев.

Құлыбаев 2025 жылғы рейтинг бойынша Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің қатарында төртінші орында, оның байлығы 5,3 млрд доллар деп бағаланған.

Ұқсас материалдар