Бұған дейін Bloomberg те жағдаймен таныс дереккөзге сілтеме жасай отырып, автокөлік технологияларының экспортын шектеу туралы жазған. Басылымның хабарлауынша, шілде айында жергілікті Сыртқы сауда министрлігі жетекші өндірушілермен кездесу ұйымдастырған. Құпияны сақтау, инвестиция салмау туралы шектеу сол кезде айтылған.
Сыртқы сауда министрлігінің негізгі ұсынысы Үндістанға инвестициялауды тоқтату болған. Бұл шешім түсінікті, өйткені Үндістан мен Қытай экономикалық және геосаяси тұрғыдан бәсекелес. Сонымен қатар, елдер арасында шешілмеген аумақтық қақтығыс бар. Инветиция салмауға кеңес берілген елдер қатарында Ресей де бар. Бұл әлемдік санкцияға қатысты ма, әлде басқа себеп бар ма, белгісіз.
Тағы бір жаңалық Түркияға қатысты. Автокөлік компаниялары инвестиция салғысы келсе, жергілікті елшілік пен Қытайдың Өнеркәсіп министрлігін алдын ала хабардар етуі керек.
Сондай-ақ, министрлік өкілдері автокөлік компанияларын шетелдік зауыттарға негізінен көліктің ірі бөліктерін экспорттауды сұрады. Ал технологияның тарап кетпеуіне жол бермеу үшін көліктің негізгі бөлшектерін ел ішінде шығарған дұрыс деген. Бұл, ең алдымен, электромобильдерге қатысты.