Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-ке көтерді

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-ке көтерді

Ұлттық банк араға жарты жыл уақыт салып базалық ставканы өзгертті. Базалық мөлшерлеме 18%-ке көтерілді.

«Инфляцияның күшеюі, сұраныстың ұсыныстан асып түсуі және белсенді фискалдық саясат аясында ақша-кредит шарттарының жұмсаруы бағаның шектен тыс өсуіне қауіп туғызды. Осыған байланысты инфляцияның динамикасын тұрақтандырып, бағаның бақылаудан шығуына жол бермеу үшін шешімді қадам жасауға тура келді», – дейді Ұлттық банк.

Инфляцияның өсуі барлық негізгі көрсеткіштер бойынша тіркелген. Қыркүйек айында жылдық инфляция қарқын алып 12,9% - ке дейін жетіп, болжамнан асып түсті.

2025 жылғы қаңтар-тамыздағы экономиканың өсуі жылдық мәнде 6,5% - ке дейін жеделдеді.

«Өсім бюджеттік экспансияға және ішкі тұтынуға тәуелді секторларда шоғырланып тұр. Сұраныстың ұсыныс мүмкіндіктерінен асып түсу белгілері күшейіп, импорттың тиісінше өсуіне алып келіп отыр. Қосымша динамиканы белсенді тұтынушылық несиелеу мен жоғары инфляциялық күтулер берді»,  – деп хабарлады Ұлттық Банк.

Ұлттық банк проинфляциялық және дезинфляциялық факторлардың теңгерімін, инфляцияның баяулау динамикасы мен траекториясын мұқият бағалауды жалғастырады. Қазіргі қатаңдық деңгейі инфляцияны тұрақтандыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда, қосымша қатаңдату қажеттілігі қарастырылады.

Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2025 жылғы 28 қарашада Астана қаласының уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.

Айта кетері, базалық мөлшерлеме көп болған сайын банктегі несие ставкасы да жоғары болады. Ал ол азайғанда кредиттің артық төлемі біршама төмендейді.

Базалық мөлшерлеме – инфляцияны төмендетуге бағытталған бірегей құрал.

Ұқсас материалдар