Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«Лукойл» активтері үшін Chevron мен инвесторлар бәсекеге түсті

 «Лукойл» активтері үшін Chevron мен инвесторлар бәсекеге түсті

Chevron компаниясы «Лукойлдың» Ресейден тыс активтерін сатып алу мүмкіндігін қарастыруда.

Бұл туралы Reuters агенттігі дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады. Агенттік мәліметінше, «Лукойлдың» шетелдік бизнесіне кемінде екі әлеуетті сатып алушы қызығушылық танытып отыр. Олардың қатарында Chevron мен Quantum Energy Partners консорциумы, сондай-ақ Xtellus Partners жетекшілік ететін инвесторлар тобы бар.

Бұған дейін «Лукойл» активтерін LUKOIL International GmbH құрылымына біріктіріп, Carlyle инвестициялық тобымен алдын ала келісімге келгенін хабарлаған. Алайда Reuters дереккөздері мәміленің әлі толық аяқталмағанын айтады. Қазіргі уақытта Carlyle активтерді бағалау кезеңінде, ал келісім шарттары өзгеруі мүмкін.

«Мәміле әлі жабылған жоқ, бәрі өзгеруі ықтимал», – дейді келіссөздерге жақын дереккөз.

«Лукойлдың» шетелдік активтері шамамен 22 млрд долларға бағаланып отыр. Компания АҚШ санкцияларына байланысты келісімді 28 ақпанға дейін аяқтауы тиіс.

Ұқсас материалдар