
Жол активтері ұлттық сапа орталығының әр аймақтағы мамандары Жамбыл облысында оқу-жиынына қатысып жатыр. Тараз қаласында өтіп жатқан жиын мақсаты - автомобиль жолдарын техникалық құжаттауды үйрету. Семинарды мекеменің орталық аппаратынан жасақталған білікті мамандар өткізуде.

Аталған оқу-жиынына Алматы қалалық филиалының диагностикалау инженері Гүлшат Сатқанова да қатысуда. Оның айтуынша, өте маңызды дәрістер оқылып, маңызды ақпараттар айтылған.

“Оқу барысында автомобиль жолдарының техникалық төлқұжатын әзірлеулі, арнайы құрылғының көмегімен түсіру жұмыстырын жүргізуді, сызықтық графика жасауды үйрендік. Мұның бәрі техникалық есеп жүргізу үшін маңызды. Біздің орталық аппарат мұндай оқу-жиындарын жиі өткізіп тұрады,” - дейді Гүлшат Сатқанова.