Экономика
Мобильді аударымдарды бақылау жүйесі іске қосылуға дайын – Қаржы министрлігі
Қаржы министрі Мәди Тәкиевтің айтуынша, 2025 жылдан бастап азаматтардың мобильді аударымдарын қадағалауға арналған ақпараттық жүйе толық дайын.
Министрлік 100-ге жуық деректер базасын біріктірген үлкен мәлімет қоймасын құрған, ол арқылы салық төлеушілердің мүлік, көлік, шот және шетелден түсетін ақпараттары көрінеді.
Ережеге сәйкес, үш айда жеке шотына 100-ден астам аударым түсіп, жалпы сомасы 1 млн теңгеден асқан азаматтар тексеріске ілігуі мүмкін. Тәкиевтің сөзінше, тексерістердің мақсаты – қысым көрсету емес, заңбұзушылықтың алдын алу. Сонымен қатар кәсіпкерлерге арналған «Халық бухгалтері» акциясы аясында тегін кеңес беру іске қосылған.





