Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Мәжіліс Рейтингтік қызмет туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс Рейтингтік қызмет туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

«Рейтингтік қызмет туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рейтингтік қызмет мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары Парламент Мәжілісінің отырысында екінші оқылымда қаралды.

Заң жобалары Қазақстанда рейтингтік қызметті жүзеге асыру үшін тұтас құқықтық негіз қалыптастырады. Алғаш рет заңнамалық деңгейде кредиттік рейтингтік агенттіктердің қызметін реттеудің құқықтық негіздері белгіленеді, олардың мәртебесі, халықаралық және шетелдік рейтингтік агенттіктерді тану тәртібі, сондай-ақ олардың қызметінің тәуелсіздігіне, ашықтығы мен есептілігіне қойылатын талаптар айқындалады.

Заң жобаларының негізгі мақсаты рейтингтерді пайдаланушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, сондай-ақ кредиттік рейтингтік агенттіктер қызметінің ашықтығы мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Негізгі новеллаларға рейтингтік қызметті реттеуді енгізу, рейтингтерді беру әдіснамасына, мүдделер қақтығысын басқаруға, ақпаратты ашуға қойылатын талаптарды белгілеу, рейтингтік агенттіктерді қадағалау жүйесін қалыптастыру кіреді.

Депутаттар негізгі ережелерді талқылап, олардың елдің қаржы секторын одан әрі дамыту үшін маңыздылығын атап өтті. Талқылау қорытындысы бойынша заң жобалары екінші оқылымда мақұлданды.

Ұқсас материалдар