Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Президент энергетика секторын жаңғыртуды жеделдетуді тапсырды

Президент энергетика секторын жаңғыртуды жеделдетуді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика министрі Ерлан Ақкенженовті қабылдап, елдегі отын-энергетика кешенінің қазіргі жағдайы мен алдағы жоспарларды талқылады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Кездесуде министр мұнай саласында тұрақты өсім бар екенін айтып, мұнай өңдеу көлемін арттыру жоспарын таныстырды. Соған сәйкес, Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуаты жылына 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға дейін ұлғаяды. Ал Атырау мұнай өңдеу зауыты 5,5 млн тоннадан 6,7 млн тоннаға, Павлодар мұнай-химия зауыты 5,5 млн тоннадан 9 млн тоннаға дейін өндірісті көбейтеді.

Сондай-ақ 2029 жылға дейін іске асырылатын жаңа энергетикалық нысандар жөнінде мәлімет берілді. Биыл Алматы қаласында екінші жылу электр орталығының құрылысы аяқталады. Бұдан бөлек, Қызылорда облысы мен Түркістан облысында бу-газ қондырғылары негізінде электр станциялары салынады.

Президент отын-энергетика секторын одан әрі дамыту, мұнай-газ және электр энергетикасы жобаларын уақтылы әрі сапалы жүзеге асыруды тапсырды. Сонымен қатар өндірістік нысандардың тиімділігін арттыру үшін цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологияларын кеңінен енгізу қажеттігін атап өтті. 

Ұқсас материалдар