Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Qazaq Air 200 мыңнан астам жолаушы тасымалдады

Qazaq Air 200 мыңнан астам жолаушы тасымалдады

Алматы. 27 тамыз. 7kun.kz – 2018 жылдың басынан QAZAQ AIR жолаушылар легі 2017 жылдың дәл осы кезімен салыстырғанда 41%-ға артып, әуекомпания 210 мың адамды тасымалдап үлгерді.

Әуекомпанияда рейстердің жүктелуі өткен жылмен салыстырғанда 7 проценттік пунктке артып, биыл бұл көрсеткіш орташа есеппен 80%-ды құрап отыр.

Сонымен қатар, әуекомпанияның рейстерді уақытылы орындау көрсеткіші 81%-ға асты.

2018 жылдың соңына дейін QAZAQ AIR 700 жолаушыны тасымалдап, тағы бір мәрте Қазақстанның ең қарқынды түрде дамып келе жатқан әуекомпаниясы атануды жоспарлап отырғанын атап кеткен жөн.

«Қазіргі таңда QAZAQ AIR өзінің басты мақсатына жетті. Яғни, әуекомпания қазақстандықтарды қауіпсіз әрі қолжетімді аймақтық әуетасымалымен қамтамасыз етті. Әсіресе бұл мақсат жетіспеушілік қатты сезінген аймақтарда да жүзеге асырылды.

Біз QAZAQ AIR-ге сеніп, бізді таңдап, әрі бізді құптап жүрген жолаушыларымызға ерекше алғыс білдіргіміз келіп отыр - деп ойымен бөлісті «QAZAQ AIR» АҚ Басқарма төрағасы Блэр Трехерн Поллок. – Біз бір орында тұрмай, келер жылы ұшақтар флотын көбейтіп, ұшу аймақтарды әлдеқайда кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Еліміздің шет-шетімен қоса, көршілес елдердің де талапты қалаларына да сапап шегуді жоспарлап отырмыз», – деп атап кетті Трехерн Поллок мырза.

Ұқсас материалдар