Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қорғаста 6 астыртын казино мен жезөкшелер ошағы жұмыс істеп келген

Қорғаста 6 астыртын казино мен жезөкшелер ошағы жұмыс істеп келген

«Қорғас» ШЫХО аумағының Қазақстан жағынан 6 заңсыз ойын бизнесі мен жезөкшелер ошағы анықталып, жабылды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

Қытай азаматтары ұйымдастырған заңсыз бизнесті ҚМА Жетісу облысы бойынша департаменті облыстық прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік департаменті, полициямен және шекара қызметімен бірлесе отырып жойды.

ҚМА хабарлауынша астыртын ойын мекемелері түнгі уақытта шектеулі адамдар үшін, атап айтқанда Қытай азаматтары үшін ғана жұмыс істеген.

Тінту нәтижесінде 4 коммерциялық ғимаратта 76 ойын автоматы, 43 ойын үстелі, құмар ойындарын ұйымдастыруға қажетті көптеген техникалық құрал-жабдықтар, сондай-ақ 60 мың юаньнан астам ақшалай қаражат табылып тәркіленген. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Ұқсас материалдар