Алматы. 26 ақпан. 7kun.kz – 2018 жылдың қорытындысы бойынша «Рахат» компаниясы қазақстандық кондитерлік нарықтың көшбасшысы болды.
2017 жылмен салыстырғанда компанияның жалпы табысы 4,8%-ке өскен, компания жылды 59 171 млн теңге түсіммен жапты. Ал, нарықтағы үлесі 2% өсіп, негізгі санаттар бойынша 20,5% көрсеткішіне жетті.
Компанияның операциялық пайда көрсеткіші 9,1% өсіп, 8 758 млн теңгені құрады.
«Компания үшін өткен жыл аса маңызды болды, себебі біз барлық санаттардағы өнімдеріміздің сапасын, сонымен қатар бөлшек саудадағы амалдарды өзгерту есебінен тұрақты өсім фазасын сақтап қалдық. Біз нарықтағы үрдістерді қатаң қадағалап отырамыз, басқа ойыншылардың әрекеттері мен белсенділігін талдаймыз. 2019 жылы өсім қарқынын ұстануға және бәсекелестік артықшылықтарымызды арттыра түсуге дайынбыз», - деді Рахат АҚ Басқарма Төрағасы Федорец Константин.
Наурыз айының соңына қарай «Рахат» АҚ кондитерлік өнімдерінің бағасы дәстүрлі түрде қымбаттайды. Өсім шамамен 3,5% құрайды.
Бағаның өсуі шикізаттың қымбаттауына байланысты болады.
«Өндірушілер (кондитерлік өнімдер), соның ішінде біз де бағаны көтереміз. Біз де мұны жасауға мәжбүр боламыз – доллар бағамы өсуде, біз тек қантқа ғана тәуелді емеспіз. Бұл ұнға да байланысты. Ұн - бұл жалғыз компонент, біз пайдалана алатын кондитерлік өнеркәсіптің өнімі, қазақстандық. Бірақ өндіруші соңғы 2 айда бағаны 27%-ке көтерді», - деп түсіндірді Константин Федорец.
Оның айтуынша, өткен жылғы бағаның сол 3,5%-ке өсуі қазан айында болған.