Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ресейде Қазақстан мұнайының транзит тарифін көтеру ұсынылды

Ресейде Қазақстан мұнайының транзит тарифін көтеру ұсынылды

Ресейде Еуропа бағытындағы энергетикалық және транзиттік саясатты қайта қарау туралы ұсыныстар айтылды.

Бұл бастама Қазақстан мұнайының экспорттық жеткізілімдеріне де әсер етуі мүмкін.

Сергей Миронов, Справедливая Россия партиясының жетекшісі, ЕО және НАТО елдеріне қатысты экономикалық шараларды күшейтуді ұсынды. Оның айтуынша, энергия ресурстары мен бірқатар стратегиялық материалдарды жеткізуге шектеу қою қажет.

Ұсынылған шаралардың қатарында:
– Еуропаға бағытталған транзит тарифтерін 50%-ға дейін көтеру;
– Беларусь тыңайтқыштарының тасымалына тарифті екі есе арттыру;
– Қазақстаннан Еуропалық одақ елдеріне жеткізілетін мұнай транзитінің құнын қымбаттату бастамасы бар.

Мироновтың мәлімдеуінше, бұл ұсыныстар «экономикалық қысым» тұжырымдамасы аясында әзірленген.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай бастамалар жүзеге асқан жағдайда, Ресей аумағы арқылы өтетін қазақстандық мұнай экспортының тиімділігіне әсер етуі ықтимал. Себебі негізгі жеткізу бағыттарының бір бөлігі ресейлік инфрақұрылымға тәуелді.

Қазіргі таңда бұл ұсыныстар ресми шешім ретінде қабылданған жоқ және талқылау деңгейінде қалып отыр.

Ұқсас материалдар