Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Төрт коллекторлық агенттік тізілімнен шығарылды

Төрт коллекторлық агенттік тізілімнен шығарылды
«Finance Control» коллекторлық агенттігі» ЖШС,  «Golden Collection» коллекторлық агенттігі» ЖШС,  «Еffective DebtCollection» коллекторлық агенттігі» ЖШС, «Казахстан финанс надзор» коллекторлық агенттігі» ЖШС коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығарылды. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Сыртқы коммуникациялар Басқармасы хабарлады

Рететушінің хабарлауынша тізілімнен алып тастаудың себебі -  «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде коллекторлық қызметті жүзеге асырмау.

КҚ туралы заңның 9-бабы 5-тармағының талаптарына сәйкес коллекторлық агенттік  уәкілетті органның хабарламасын алған күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде қайта тіркеу рәсімін жүргізуге міндетті.

Сонымен қатар коллекторлық агенттік КҚ туралы заңның 9-бабының 6-тармағына сәйкес кредиторларды, сенімгерлік басқару шарттары жасалған тұлғаларды, борышкерлерді хабардар етуге міндетті. 

Ұқсас материалдар