2020 жылы 8 жылға сотталған Qazaq Вanki -нің экс-акционері Бахыт Ибрагим бостандыққа шықты. Бұл туралы бірқатар БАҚ-ы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне сілтеме жасап хабарлады.
Айта кетейік, RBK Bank-тен 143,3 млрд теңге ұрлау ісі бойынша 2020 жылы Ертаев, Бахыт Ибрагим, Bank RBK экс,басқарма төрағалары Игорь Мажинов, Марпу Жакубаева бастаған 37 адам сотқа тартылған еді.
Бақыт Ибрагимге бұл істе жалған займ рәсімдеу үшін заңды және жеке тұлғаларды тартумен айналысты деген айып бойынша мүлкін тәркілеп, 8 жылға сотталған еді. Тәркіленген мүлік арасында құны 1 181 008 725 теңгелік Richard Mille швейцар сағаты кейін аукионда 196 834 788 теңгеге сатылған.
Сот Ертаевты 11 жылға, Мажиновты 8 жылға соттаған еді. 2021 жылы үкімді жұмсартып, Ертаев 9, Ибрагим 7 жылға төмендетті. Жакубаева мен Мажинов бастаған 18 адамның жазасы шартты жазаға ауыстырылды. Кеше Мажинов жүрегіне ота жасату кезінде қайтыс болғаны туралы хабарланды. БАҚ-ның жазуынша ол «Қазақмыс» тобының иесі Владимир Кимнің күйеу баласы. 51 жастағы Мажинов соңғы жылдары «Қайрат» АФК қамқоршылар кеңесін басқарған.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің хабарлауынша RBK ісіне қатысы бар, атышулы банкир Жомарт Ертаев жазасын түрмеде өтеуде.