Мәжіліс депутаты Азат Перуашев «Самұрық-Қазына» қоры басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың табысын сынға алды.
Оның айтуынша, қор басшысы соңғы үш жылда 805,9 млн теңге табыс тапқан, бұл квазимемлекеттік сектор үшін қоғамда сұрақ тудырады.
Депутат «Ақ жол» фракциясы квазимемлекеттік секторды, оның ішінде «Самұрық-Қазына» мен ұлттық компанияларды парламенттік бақылауға алуды бірнеше рет ұсынғанын еске салды. Перуашевтың пікірінше, бұл құрылымдардың бюджеті Мәжілісте бекітілуі тиіс.
Ол парламенттің квазимемлекеттік секторға қатысты нақты бақылау тетіктеріне ие болуы қажет екенін айтты.





