Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«Самұрық-Қазына» «Лукойл» санкцияларын бақылауда ұстап отыр

«Самұрық-Қазына» «Лукойл» санкцияларын бақылауда ұстап отыр

«Самұрық-Қазына» «Лукойлға» қарсы санкциялардың әсерін азайту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

«Самұрық-Қазына» ұлттық қоры АҚШ-тың «Лукойл» компаниясына енгізген санкцияларының ықтимал салдарын төмендету үшін кешенді жұмыс атқарып жатыр. Бұл туралы 25 қараша күні Астанада қор басқармасының төрағасы Нұрлан Жақыпов журналистерге мәлімдеді.

«Біздің консультанттар санкциялардың «Лукойлға» қатысты енгізілуінен туындауы мүмкін теріс әсерді барынша азайту бойынша жұмыс істеп жатыр. Бұл тоқтамайтын үдеріс, себебі күн сайын жаңа ақпарат шығып отырады. Сондықтан біздің комплаенс-қызметтер жағдайды күнделікті бақылауда ұстайды», – деді ол.

Бұған дейін, 18 қарашада, «ҚазМұнайГаз» баспасөз қызметі ұлттық компанияның «Карачаганак» жобасындағы «Лукойл» үлесін сатып алуды жоспарлап отыр деген ақпаратты жоққа шығарған болатын.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Сонымен қатар ҚМГ серіктестермен бірге «Қарашығанақ» жобасына санкциялық шектеулердің ықпалын тұрақты және жан-жақты түрде талдап отырады», деп мәлімдеді «ҚазМұнайГаз».

Ұқсас материалдар