Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Санкциялар әсері: Қазақстан «Лукойлмен» бірлескен жобаны тоқтатты

Санкциялар әсері: Қазақстан «Лукойлмен» бірлескен жобаны тоқтатты

Қазақстан мен Ресейдің Лукойл компаниясы бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Қаламқас-теңіз – Хазар» жобасы антиресейлік санкциялар салдарынан тоқтатылды.

Бұл туралы Reuters агенттігі ҚазМұнайГаз басқарма төрағасы Асхат Хасенов сөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Оның айтуынша, өткен жылы жоба бойынша жобалау кезеңі толық аяқталғанымен, санкциялық шектеулер енгізілгеннен кейін оны әрі қарай жүзеге асыру мүмкін болмаған. «Қазіргі таңда жобаны іске асыру тоқтатылды», – деді ол бейнеконференция барысында.

Аталған жоба «Лукойлмен» тең үлеспен (50/50) жүзеге асырылып келген. Оператор ретінде Kalamkas-Khazar Operating бірлескен кәсіпорны белгіленген еді.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жобаға қатысқан қызметкерлердің бір бөлігі уақытша ҚазМұнайГаз еншілес ұйымдарына ауыстырылған. Қазіргі таңда жобаға жаңа серіктес ретінде қытайлық инвестор тарту мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Мамандардың бағалауынша, кен орнындағы көмірсутек қоры шамамен 238,1 млн тоннаны құрайды.

Ұқсас материалдар