Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Сапалы инвестиция әкелетін инвесторларға салықтық жеңілдіктер берілмек

Сапалы инвестиция әкелетін инвесторларға салықтық жеңілдіктер берілмек
 Ұлттық экономика министрлігі сапалы инвестиция әкелетін жауапкершілігі жоғары инвесторларға қосымша қандай жеңілдіктер берілуі мүмкін екендігін айтты.

– Бүгінде қолданыстағы заңнама Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инвестициялық жобаларды табысты іске асыру үшін мемлекеттік қолдаудың кең спектрін ұсынады. Кодекске сәйкес мемлекеттік қолдау шаралары инвестициялық жобаны немесе инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт, арнайы инвестициялық келісімшарт және инвестициялар туралы келісім аясында ұсынылады, – деді ведомстводан агенттік сауалына орай.

Министрліктің атап өтуінше, жобаның ерекшелігіне және инвестициялар көлеміне байланысты импортқа кедендік баждар мен қосымша құн салығы, корпоративтік табыс салығы, жер мен мүлікке салынатын салықтарды салудан босату, заңнама өзгерген кезде мемлекеттік заттай гранттар мен тұрақтылық беру көзделеді.

– Жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалар үшін инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында жаңа тетік – жетілдірілген модельдік келісімшарт қолданысқа енгізілді. Ол теңіздегі де, құрлықтағы да, оның ішінде газ жобалары үшін бірқатар преференция ұсынады. Бұл тетік күрделі мұнай-газ жобалары үшін реттеуші және фискалдық преференцияларды көздейді. Сондай-ақ, Үкімет салықтық шегерімдер арқылы инфрақұрылым құрылысына инвестордың шығындарын өтеу бойынша қолдаудың жаңа құралын пысықтауда.

Бүгінгі таңда кәсіпкерлік және Салық кодекстеріне тиісті заңнамалық түзетулер әзірленді. Түзетулерге сәйкес инвестициялық жобаны іске асыру үшін инфрақұрылым объектілерін салуға жұмсалатын нақты шығыстар сомасынан есептелген инвестициялар туралы келісім және (немесе) инвестициялық келісімшарт жасасқан инвестордың салық міндеттемелері жеңілдікті салық кезеңі аяқталғаннан кейін азайтылуы мүмкін, – деді министрліктен.

Ұқсас материалдар