Тимур Сүлейменов Қазақстан теңгесін «ең тартымды валюталардың бірі» деп бағалады.
Оның айтуынша, ұлттық валюта өз тұрақтылығын іс жүзінде дәлелдеп отыр. Ұлттық банк төрағасы бұған дейін кейбір сарапшылар доллар бағамы 1000-2000 теңгеге дейін өседі деген болжам айтқанын еске салды. Алайда мұндай сценарийге ешқандай іргелі немесе нарықтық негіз болмағанын атап өтті.
Сүлейменовтің сөзінше, өткен жылдың қорытындысы бойынша теңге жоғары табыстылық көрсетіп, инвесторлар үшін тартымды валютаға айналған. Бұл халықаралық рейтингтерде де көрініс тауып отыр.
Сондай-ақ ол Қазақстандағы тәуекел мен табыстылық арақатынасы қазіргі таңда әлемдегі ең тиімді деңгейлердің бірі екенін айтты. Осы факторлар инвестиция тартуға ықпал етіп, соның нәтижесінде теңгенің нығаюына әсер еткен.





