Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқыққа қайшы контентті шектеуге бағытталған заңға қол қойды.
Құжат педофилияны және дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттайтын материалдарды БАҚ-та, интернетте, телекоммуникациялық желілерде және онлайн-платформаларда жариялауға тыйым салады. Заңның негізгі мақсаты – балалардың құқықтары мен ақпараттық қауіпсіздігін қорғау.
Талап алғаш рет бұзылса – 20 АЕК көлемінде айыппұл, ал бір жыл ішінде қайталанса – айыппұл ұлғаяды немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамау қарастырылған. Тексеру өтініш негізінде жүргізіледі: шағым e-Otinish арқылы немесе полицияға арыз түрінде түсуі тиіс. Мониторинг тәулік бойы жүргізілетіні хабарланды.





